• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2021

Шымкент қаласының әкімі үздік оқушылармен кездесті

472 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай дендросаябақ алаңында халықаралық, ресубликалық олимпиадалар мен ғылыми, спорт, өнер жарыстарының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оның ішінде 18 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жүлдегері, 33 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың жеңімпаздары. Ашық аспан астындағы жиында қала әкімі құттықтау сөз сөйлеп, балалармен еркін форматта сұқбаттасты.

Шымкентте тәуелсіздік жылдарына дейін 51 балабақша, 68 орта мектеп бар болған болса, қазір  балабақша  – 526, мектеп саны 186-ға жетті.  Отыз жылда 68 мыңнан астам орындық 98 заманауи үлгідегі білім ошағы салынып, 85%-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп үш ауысымды, апатты  мектептердің   өзекті мәселелері оң шешімін табуда. Сонымен бірге, осы жылдары дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектептер, Назарбаев Зияткерлік мектептер желісі құрылды. 

Қала әкімі жас өрендерге артылар сенімнің зор екендігін айта өтіп, өзінің балалық естеліктерімен бөлісті. 

«Біздер өздеріңе сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Қалада жыл сайын бала саны артуымен, салынып жатқан мектептердің үлесін де көбейттік. Еліміздегі кез келген сәби мемлекет қорғауында. Білімді, өнерлі адам қашан да өз жолын адаспай табады. Жазғы демалыстарың қызықты өтсін»  деп тілек білдірді.