Пенджабтың шығыс провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 10 пәкістандық қаза тауып, үш адам жарақат алды. Бұл туралы сейсенбіде жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, Синьхуа агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Агенттіктің хабарлауынша, найзағай кезінде Пенджабтағы Окара қаласында шатыр құлап, нәтижесінде сегіз адам, оның ішінде төрт бала қаза тауып, үшеуі жарақат алған.
Сондай-ақ провинцияның басқа бөлігінде құлаған үйдің астынада қалып, бір адам қаза тапты деп хабарланды. Тағы бір адам найзағайдың құрбаны болған.
Дүйсенбіде Пәкістанның метеорологиялық департаменті елдің әр түкпірінде найзағай ойнап, қатты жел соғатыны жайында хабарлаған.