Орал қаласында 2,5 жасар бала бесінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 маусым күні Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы 93-мекенжайында орын алған. Түскі сағат 15.10-да ата-анасының қарауынсыз қалған 2018 жылғы ұл бала 5-қабаттан құлап кеткені жөнінде хабар түскен. Ашық бас-ми жарақатын алып, бас сүйегі сынған бала ес-түссіз күйінде ауруханаға жатқызылды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баланың сағат 15.40-та көз жұмғанын жеткізді.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі де 2,5 жастағы баланың бесінші қабаттан құлап, қайтыс болғанын растады.