• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Маусым, 2021

Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды

732 рет
көрсетілді

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды. Бұл туралы шахматшының өзі Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алақай! Мен – халықаралық гроссмейтермін!», деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Жансая Әбдімәлік 22 мамыр мен 2 маусым аралығында өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің ақтық кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткені үшін осындай атаққа ие болып отыр.