• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Медицина 02 Маусым, 2021

Фармацевтика саласын дамытудың жол картасы әзірленуде

347 рет
көрсетілді

Халыққа есеп беру кездесуінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов фармацевтика саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дезинфекциялайтын құралдар мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібі өндірісінің көлемін арттырды. Өсім 11 пайыз болды. Саланы дамыту мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен бірлесіп фармацевтика саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеп жатырмыз», деді Бейбіт Атамқұлов.

Фармацевтикалық өнеркәсіпте 4 айдың қорытындысында өндіріс көлемі 26 пайызға өскен.

«Бүгінгі таңда фармацевтика кәсіпорындарымыз ішкі нарықты коронавирустан емдеуге арналған дәрілік заттардың ұсынылған 44 атауының 22 түрін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарын өндіріп жатыр», деді министр.