• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2021

Алматы облысында бір топ жігіт ерлі-зайыптыны сабап кетті

2948 рет
көрсетілді

Алматы облысында 22-24 жастағы мас жігіттер, ерлі-зайыптыны соққыға жыққан. Оқиға Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2 маусым күні Жамбыл ауданының Полициясына Қасымбек ауылының тұрғыны шағымданды. Әйелдің айтуныша, белгісіз үш жігіт өзін және күйеуін соққыға жыққан. Тексеру барысында 22-24 жастағы осы ауылдың тұрғындары анықталды. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігімен бұзақылық бойынша тіркелді», делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.

Оқиға бойынша жәбірленушілердің жарақат дәрежесін анықтау мақсатында қажетті сараптамалар тағайындалған.

«Ұсталған үш адамның екеуінің ішімдік ішкені арнайы медициналық тексеру барысында анықталды», деп толықтырды баспасөз қызметі.

Әзірге Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі жанжалдың неден шыққаны жөнінде мәлімет бермеді. Ал бейресми ақпаратқа сәйкес белгісіз ер адам өзгенің тұрғын үйінің қоршауының жанында дәрет сындырған. Жанжал сол сәттен басталған көрінеді.