• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2021

Оралда халық санағының бірінші кезеңі басталды

525 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында халық санағын өткізуге мыңнан аса адам тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 маусымнан бастап өңірлік статистика департаменті тұрғын үйлер мен үй-жайлардың, құрылыс нысандарының мекенжайын анықтауға кіріседі. Бірінші кезеңде аймақтағы елді мекендердің аумағын нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу жұмыстары жүргізіледі. Деректер жинау процесі екі әдіспен өтеді. Sanaq.gov.kz веб-сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен онлайн сауалнама жүргізу және респонденттерге сауалнамалар толтыру арқылы жүзеге асады.

«Негізгі кезеңде 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында Ұлттық халық санағы өтеді. Үй аралау ағымдағы жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді.

Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді», деп мәлімдеді облыстық Статистика департаментінің басшысы Болтай Әлімбаева