Қарағанды облысында алып жүк көлігі жеңіл автокөлікті тас-талқан етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Хабарланғандай, оқиға Қарағанды облысындағы карьерлердің бірінде болған. Апат кезінде Сузуки көлігінің салонында үш ер адам болған.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.
Ведомство өкілдері жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын айтты.