• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Маусым, 2021

«Жедел желінің» жәрдемі

338 рет
көрсетілді

Елімізде 1 шілдеден бастап аяқ киімді міндетті цифрлы таңбалау басталады. Демек жаңа ережелермен бетпе-бет келген нарықтағы ойыншыларда түрлі сауал тууы мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында «жедел желі» жұмыс істеуде.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының техника­лық директоры Гүлжан Қонқашева­ның айтуынша, байланыс орта­лы­­ғында бірнеше ауысымда

20 оператор жұмыс істеп жатыр. Олар үш қолдау желісіне сәй­кес өтініштерді тіркеп, жауап бере­ді. Кәсіпкерлер «жедел же­ліге» қоңырау шалып, жалпы мәселелер төңірегінде тауарларды таңбалау және қадағалау бо­йынша кеңес ала алады. Сондай-ақ қажет болған жағдайда жеке­леген тауар топтарын таңба­лау мәселелері бойынша маман­дан­ған сарапшылар егжей-тег­жейлі түсініктеме береді. Жүйе­де тіркелуге, құжаттарды ресім­деу­ге, қалыптастыруға, жө­нел­ту­ге байланысты мәселелер туын­­­даған жағдайда өтініш тех­­­­ни­калық қол­дау желісіне жі­бе­ріледі.

Цифрлы таңбалауға қатысты «жедел желі» өз жұмысын 2020 жылдың тамыз айында бастаған болатын. Яғни темекі өнімдерін міндетті цифрлы таңбалауға екі ай қалғанда іске кірісті. Байланыс орталығына ең көп өтініш былтыр қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта келіп түскен. Бұл бизнестің теме­кі нарығындағы жаңа жұмыс жағдайына бейімделу кезеңі болды. Осыған байланысты көп­теген сұрақ та туындады. Цифр­лы таңбалау бойынша бай­ланыс орталығы 9 ай ішінде 10 мыңнан астам өтінішті өңдеп үлгерген. «Жедел желі» тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейді. Жұмыстың нағыз қызған шағында тәулігіне 300-ге дейін өтініштерді өңдеуге тура келеді.

– 1 шілдеден бастап аяқ киім тауарларын міндетті таңба­лау енгізіледі. Сондықтан мау­сым-шілде айларында аяқ киім нарығындағы ойыншылар тарапынан келіп түсетін өті­ніш­тер саны өсуі мүмкін. Кеңесшілер бизнеске барынша жедел түсініктеме, кеңес беруге дайын. Орташа алғанда кеңес беру сипатындағы сұрақтарға клиент жүгінген сәтте 5-10 минут ішінде жауап алады. Егер мәселені егжей-тегжейлі зерделеу қажет болса, ең ұзақ дегенде жауап беру уақыты 24 сағаттан аспайды. Қалай болғанда да, жүгінген әрбір адам қойылған сұраққа толыққанды жауап алады. Бұл байланыс орталығы жұмысының басты ережесі, – дейді Г.Қонқашева.

Байланыс орталығы өтінім­дер­ді телефон арқылы, сондай-ақ электронды мекенжай және Тауарларды таңбалаудың және қадағалаудың ақпараттық жүйе­сі­нің веб-интерфейсі арқылы қабылдайды. Операторлар тауар­лар­ды цифрлы таңбалау және қадағалау мәселелері бо­­йынша үнемі білім жетілдіріп тұ­рады. Қазіргі уақытта байланыс орта­лы­ғын кеңейту және қызмет көр­се­тудің омниканалды моделін да­мыту қарастырылуда. Бұл 2022 жылы елімізде тауарлардың өзге топтарына міндетті цифрлы таңбалау енгізілетін кезде өзекті болмақ.

Еске сала кетейік, Қазақс­тан­да өткен жылдың қазан айында темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілді. Қазіргі уақыт­та фармацевтикалық препарат­тарды, алкоголь және сүт өнім­де­рін цифрлы таңбалау бо­йынша қа­нат­қақты жобалар жүзеге асы­­­ры­луда. Таңбалаудың бас­ты мақсаты – тұтынушыларды контра­­фактілік және жалған өнім­­­­дерден қорғау. Сонымен қа­тар цифрлы таңбалау бизнес­тің өнімділігін арттыруға, логис­ти­ка­­лық схемаларды жетілдіруге және нарық үлесін арттыруға мүм­кіндік береді.