Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы Фируза Шарипова Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде бірінші орынға көтерілді.
Шарипованың бұл табысына еш таңдануға болмайды. 26 жастағы боксшы 2016 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол кезден бері 13 жекпе-жек өткізіп, 12 рет жеңіске жетті. Алты қарсыласын есінен тандырды. Әр жылдары түрлі нұсқа бойынша алтын белбеулерді иеленді. Өз бәсекелерінің денін ол Ресей мен Қазақстанда өткізді. Бір мәрте Испанияға барып та жұдырықтасты.
Бүгінгі таңда әйелдер арасындағы жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын ирландиялық Кэти Тейлордың иеленіп отырғаны белгілі. Екінші сатыдан бірінші орынға көтерілген Шарипова енді WBA тұжырымы бойынша Тейлормен жекпе-жектің міндетті үміткері атанды.