• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Маусым, 2021

Ақтауда судьяға 300 мың теңге тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр

187 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық сотының қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері күмән туғызған қорапшаны ашу кезінде қомақты ақша барын анықтады. Бейтаныс адам бұл сыйлықтарды судья Ғабит Бастаубаевқа табыстауды өтініп кетіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пакетте 300 мың теңге және иіссу бар екені анықталды. Алайда сыйлық иесі өзін таныстырмапты. Сот қызметкерлері қазір аталған факт бойынша тергеп-тексеру амалдары басталғанын айтты. Қазіргі таңда белгісіз әйел іздестіріліп жатыр.

«Бейтаныс азаматша келіп, судья Бастаубаевпен кездесуді сұраған. Алайда қызметкерлер оған судьялармен процессуалдық тыйым салынғаны түсіндірілген соң, қолындағы пакетті кеңсеге қалдырып судьяға беруді өтініп кетіп қалған. Ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері аталған пакетті ашып тексеру кезінде оның ішінен ақшалай қаражат және жабық қорапшада заттар бар екені анықталды. Сондықтан оқиға орнына полиция басқармасының жедел тобын шақыртты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр», деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гауһар Нұрханова.