• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Фотогалерея 03 Маусым, 2021

Катонқарағайға барып қайтыңыз

2877 рет
көрсетілді

Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей, Бошай Кітапбаев, Дидахмет Әшімхан сынды тау тұлғаларды тудырған Төр Алтайдың сұлулығына тамсанбайтын адам жоқ. Көрікті табиғаттың баурайында жүріп, оның тылсым сырына үңілудің өзі қандай?! Шығыстағы тұмса табиғат оқырмандардың да көзайымына айналсын деген мақсатпен «Egemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі  Ерлан Омардың Катонқарағайдан жасаған фоторепортажын назарларыңызға ұсынамыз.

Аудан облыстың солтүстік-шығыс аумағында орналасқан. Катонқарағай ауданы солтүстік және солтүстік-шығыс аумағында Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шектеседі, оңтүстік – шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Күршім ауданымен, солтүстігінде Алтай ауданымен шекараласады, батыс аумағында Бұқтырма бөгені алып жатыр. 

Ауданның аумағы 13,2 мың шаршы километрге тең (ШҚО–ның аумаағынан 4,6 % құрайды). Ауданда 13 ауылдық округ, 51 ауылдық елдімекен бар.

Катонқарағай ауданының аумағы жылдың төрт мезгілімен де сипатталады. Орналасуына қарай биік таулы аймақ (тундралық-шалғындық). орманды-таулы аймақ (ылғалды); таулы, орманды дала аймағы (ылғалды), тау-түздік аймақ болып төртке бөлінеді.