• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Маусым, 2021

NASA Шолпанды зерттеуді қайта қолға алады

343 рет
көрсетілді

АҚШ ғарыш агенттігі 30 жылдық үзілістен кейін Шолпан ғаламшарын зерттеуді қайта қолға алмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы NASA-ның жаңа басшысы Билл Нельсон мәлімдеді. Осы мақсатта агенттік Күн жүйесіндегі ең ыстық ғаламшарға Davinchi+ және Veritas деп аталатын екі ғарыш апппаратын аттандыруы мүмкін. Davinchi Шолпанның атмосферасын зерттеп, ғаламшарда мұхиттың болған болмағанын анықтаумен айналысса, Veritas оның бет-бедерін суретке түсіріп, геологиялық картасын құрумен шұғылданатын болады. Қос миссия 2028-2030 жылдарға жоспарланған. «Бұл миссиялар біздің жер шарымыздың қалай дамығанын және күн жүйесіндегі өзге ғаламшарлардан өзгешелігін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз. Астрономия бұл сұрақтарға жауап іздегенде маңызды рөл атқарады», дейді NASA басшысы Билл Нельсон