Ресейде эпидемияға қарсы шектеулер вакцина алуға тиісті тұрғындардың көп бөлігі екпе салдырғаннан кейін ішінара алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егер халықтың 60%-ы вакцина алса, оған аурудан сауыққандар саны қосылса, біз іс жүзінде жақсы иммунитет қалыптастырамыз. Әрине, эпиджағдайға да қараймыз. Бірақ біз әртүрлі саланы қамтитын шектеулерді жеңілдетуіміз керек», деді ол.