• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Маусым, 2021

Сайран көліне батып кеткен ер адам психикалық науқас болған

204 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Полиция департаменті Сайран көліне батып кеткен ер адамға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департамент ақпаратына сәйкес, оның жеке бас мәліметтері оқиға болған күннің ертеңінде белгілі болған.

43 жастағы азаматтың Алматы облысындағы Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталды.

Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйде болған. Басында ер адам қоғамдық көлікте қатты дауыстап ән салып, сол үшін автобустан түсірілген. Кейін көл жағасында ерсілі-қарсылы жүгіре бастаған.

«Бір мезетте суға секіріп, тыйым салынған аймаққа дейін жүзіп барған. Оның денесін бір тәуліктен соң құтқарушылар іздеп тапты. Өзімен бірге құжаттары болмаған. Жеке басы таңға жуық анықталды», деп мәлімдеді полицейлер.

Айта кетейік, ер адам бірінші маусымда қаза болды. Ол тыйым салынған белгілерге қарамастан Сайран көліне шомылуға кіріп, батып кеткен.