• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2021

Ақтөбеде қариялар орталығы ашылды

363 рет
көрсетілді

Зейнеткерлерге арналған мекемеде белсенді өмір сүру салтын дәріптейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арнайы бағдарлама да жасалған. Гимнастика мен йога, емдік массаж бен түрлі жаттығулар кестесі құрылған. Сондай-ақ колөнер түрлерін игеріп, компьютер тілімен танысуға мүмкіндік бар. Ниет еткендер қазақша және ағылшынша сауат ашуына да болады. Дегенмен, бірінші кезекте егде жасқа жеткен жандар бас қосып, көңіл аулайтын таптырмас орын.

Мемлекет есебінен қаржыландырылатын орталықта барлық қызмет түрі тегін. Облыс орталығында ашылған қос орталыққа бюджеттен 53 миллион теңге бөлініп отыр.

«Осындай орталықтың ашылғанына өте қуаныштымыз. Себебі мысалы біздер шамалы салмағымызды тастадық, жолдасымның буындарының ауырғаны кішкене қойды. Мен өзім де осында баруға асығып тұрамыз. Себебі таңертең тұрғаннан бастап емдік жаттығуларға келеміз ғой. Содан кейін мына Қарғалы өзенін бойлап, скандинав жүрісіне барамыз. Таза ауамен демалып, өзеннің бойында көптеген жаттығулар жасап келеміз. Мұның бәрі біздер үшін өте пайдалы», дейді зейнеткер Гүлжан Ережепова.