45 жастағы ер адам жүргізген «Лада Гранта» көлігі жаяу жүргіншілерге арналған жолда кәмелет жасқа толмаған қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«3 маусым күні сағат 21:00-де Екібастұз қаласыда Беркімбаев көшесіндегі 130-ші үйдің қарсы бетінде «Лада Гранта» көлігін жүргізген 45 жастағы ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан кәмелет жасқа толмаған қыз баланы қағып кетті», деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.
Жол-көлік апаты салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы айыппұл тұрағына кіргізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.