• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Туризм 05 Маусым, 2021

Алакөл демалушыларды күтеді

423 рет
көрсетілді

Маусымның ортасында Алакөлге Алматыдан екі жаңа пойыз бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алакөлдің жағалауы пандемияға дейін бір маусымда жарты миллионнан астам адамды қабылдайтын. Өткен жылы бұл сан 40 мыңға төмендеді. Соған қарамастан, бұл – адамдар ең көп баратын демалыс аймағы.

Ал жаңа маусымда әуежайлар жөндеу жұмыстарына орай жабылып, демалыс орнына туристер қалай барады деген мәселе туындады. Аймақ оны пойыздардың санын көбейту арқылы шешті. Вагондардың саны 10-нан 15-ке артты.

Семей мен Өскеменде демалыс аймағына жүретін поездарда вагон саны артады. Ең басты мақсат – көлік қатынасын қолжетімді ету. Әсіресе, Өскемен мен Үржар әуежайлары қайта қалпына келтіру жұмыстарына байланысты жабылған кезде бұл туристер үшін ауадай қажет.