• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 05 Маусым, 2021

Экология министрі қоршаған ортаны қорғау күнінің биылғы тақырыбын айтты

1236 рет
көрсетілді

Қоршаған ортаны қорғау күнінің биылғы тақырыбы - «Қайта ойлану. Қайта құру. Қалпына келтіру». ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін, 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Сонымен қатар, Қазақстанның экологтарының кәсіби мерекесі. Бүгінде аса өзекті, күрделі салада еңбек етіп жатқан әріптестерді, ардагерлерді мерекемен құттықтап, істеріне табыс, денсаулық тілеймін», деп жазды министр.

Оның айтуынша, осы күні экологиялық проблемаларға әлем назарын аудару үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады.

«Біз «Бірге - таза Қазақстан» тазалық акциясын дәстүрге айналдырдық.

Қоршаған ортаны қорғау күнінің биылғы тақырыбы - «Қайта ойлану. Қайта құру. Қалпына келтіру». Барша отандастарды «қайта ойланып», табиғат байлықтарын үнемді пайдалануға,жануарлар мен өсімдіктерге жанашырлық танытуға, айналаны таза ұстап, экологиялық өмір салтын ұстануға шақырамын», деді Мағзұм Мырзағалиев.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасын басшылыққа ала отырып өткізіледі.