• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Маусым, 2021

Қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленіске байланысты бес ауыл эвакуацияланды

365 рет
көрсетілді

Қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленістің қайта өршуіне байланысты Ош облысы Чон-Алай ауданындағы 5 ауылдың тұрғындары эвакуцияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ош облысы Чон-Алай ауданындағы 8 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Айта кетейік, кеше Тәжікстан тарапы Қырғызстанның 1 шақырымдай аумағына кіріп, контейнер қойған. Сондай-ақ шекара маңына әскері мен техникасын шоғырландыра бастаған. Осыған байланысты ресми Бішкек көрші елден контейнерлерін алып, әскері мен техникасын әкетуін талап етті. Сондай-ақ Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Тәжікстан елшісіне наразылық нотасын тапсырды.