Алматы қаласында самокат теуіп жүрген қыз бала жүк көлігінің астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Аталған факт сот алды тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері оқиғаны тергеуге кірісті. Тиісті сараптамалар жасалады», деп атап өтті полиция департаментінен.