• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2021

Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

279 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаулы 8 маусым күні, яғни «сары» аймаққа кіргеннен кейін 7 күннен соң  күшіне енеді.

Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасындағы мейрамхана, дәмхана және кофехана сияқты қоғамдық тамақтану нысандары (ғимарат ішіндегі) 50 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл өз кезегінде «сары» және «қызыл» аймаққа қатысты.

Осындай график жазғы алаңдарға, банкет залдарына да бекітілген.

Ал фудкорттар үшін 20 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.