Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі өтетін уақытты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған чемпионат 2-4 шілде аралығында жоспарланған болатын. Алайда, осы уақыт аралығында ұлттық құрама Алматыдағы Орталық стадионда дайындалады. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін барынша азайту үшін спорт шараларын дәл қазір өткізбеу туралы шешім қабылданды.
Өзгеріс бойынша, ел біріншілігі 28-30 маусым аралығында өтеді. Бұл ұлдар мен қыздар арасындағы ел чемпионатына қатысты болмақ.