• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Маусым, 2021

Өткен тәулікте карантин талаптарын бұзған 10 мекеме анықталды

150 рет
көрсетілді

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтанның барлық ауданында карантин талаптары бұзылғаны анықталды.

Мәселен, өткен тәулікте, яғни 6 маусымда мониторингтік топтар 10 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданы Нәжімеденов көшесі, 14 мекенжайындағы «Панаехали» барында карантин бұзылғаны анықталды. Сол сияқты Байқоңыр ауданында Кенесары көшесі, 65 мекенжайында орналасқан «С кайфом» лаундж бары санэпидемиологиялық нормаларды бұза отырып жұмыс істеген.

Ал Есіл ауданында бірден 7 ойын-сауық мекемесі карантин режимін бұзды. Сарыарқа ауданында Respawn компьютерлік клубы бас санитарлық дәрігердің қаулысына қарамастан сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеді.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа енгеніне үшінші ай болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс.