Семейде көлік бес жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Semey News-ке сілтеме жасап.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2021 жылғы 6 маусымда сағат 17:00 шамасында болған. «ВАЗ-2109» көлігінің жүргізушісі Титов көшесі бойында жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, бес жасар баланы қаққан.
Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша бірнеше сараптамалар тағайындалды, нәтижелері сәйкес процессуалды шешім қабылданады.