Бұл күндері Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында 66 кило салмақтағы Елдос Жұмаханов қола медаль үшін таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бастапқы бәсекелерде үш бірдей қарсыласына сан соқтырған сайыпқыранымыз ширек финалда беларуссиялық Дмитрий Минковты сүріндірген еді. Содан жартылай финалда оның жолы, әлемдік рейтингтің көшбасшысы, биылғы жылғы Еуропа чемпионы италиялық Мануэль Ломбардомен қиысты. Бұл бәсекенің негзігі төрт минуты тең есеппен аяқталғанымен, қосымша уақытта Апеннин түбегі түлегінің асығы алшысынан түсті.
Бүгін Елдос Жұмаханов Йондонперненлей Басхуумен айқасады. Моңғолияның дзюдошысы осы жарыста Коста-Рика, Мысыр, Ресей және Франция балуандарын жолынан ығыстырғанымен, жапониялық Хошироа Маруямдан жеңіліп қалды.