Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Өскеменнің 19 шағын ауданында 30 метрлік көп фигуралы «Тәуелсіздік монументі» орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазыбек би даңғылының бас жағына орнатылатын композицияның биіктігі – 12,6, диаметрі 11,3 метр болатын алтыбұрышты ескерткіш болмақ. Төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бедерленген рельеф орналасады.
Монументтің орталық бөлігіне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің мүсіндері қойылмақ. Екі жағына «Жеті жарғыдан» үзінділер жазылады.Монументтің басында Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек менмұндалайды. Жоба бойынша, мүсіндер қоладан, ал монументтің қабырғалары ақ мәрмәрден жасалады.