• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2021

Алматыда жұмысшы серіктесін пышақтап тастады

184 рет
көрсетілді

Алматыда 37 жастағы жұмысшы өзінің серіктесін пышақтап тастады. Оқиға «Восточка» тұрығын үй кешенінде болған. Қанды оқиғаға не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Күдікті қазір қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қолы қанға боялған жұмысшыны көрші үйде тұратындар видеоға түсіріп алған. Ол қылмыс жасағаннан кейін айқайлап жұртшылықтың мазасын алған көрінеді. Оқиға 5 маусым күні тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде болған. Жалдамалы құрылысшылар жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында бірге отырып ішімдік ішіпті. Артынан араларында кикілжің туындап, 37 жастағы жігіт серіктесінің кеудесіне пышақ сұғып алған. Ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

«Қазіргі таңда Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полция бөлімшесінде қылмыстық кодекстің 99 бабының бірінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Суыт хабар келе салысымен оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Күдіктінің алкогольді ішімдік ішкені анықталды», дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.