• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Маусым, 2021

Томирис Байсафаның анасы бұдан әрі не істейтінін айтты

177 рет
көрсетілді

Мәскеуде алқабилер соты қазақстандық студенттің өліміне күдікті азаматты ақтап алды. Осыған байланысты Томирис Байсафаның анасы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін сот үкімі шықты. Сот процесі аяқталды. Менің келесі процессуалдық әрекеттерім апелляциялық шағым. Мен одан әрі күресемін»,  деді Жанна Ахметова тілшілерге берген сұхбатында. 

Бұған дейін сотқа қатысқан 6 алқабидің төртеуі Муртузали Меджидовті кінәсіз деп таныған еді. Шешімге сай айыпталушыны сот залынан бостандыққа жіберді. 

Еске салайық, 2018 жылдың сәуір айында Мәскеудің халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының жанынан жарақаты бар 21 жастағы қазақстандық студент қыз табылады. Дереу Склифосовск атындағы ұлттық зерттеу институтына ауыр халде жеткізіледі. Алайда ол көп ұзамай қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін ол университеттің 4-ші қабатында Муртузали Меджидовпен сөзге келіп қалған.

Айта кетейік, Муртузали Маджидов – белгілі дағыстандық саясаткер, Дағыстан Республикасы үкіметінің бұрынғы төрағасы, кәсіпкер Мұхтар Меджидовтің ұлы. 

Алғашқыда Томиристің өлімі өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеу бабы бойынша тексерілген. Кейін іс кісі өлімі бабына алмастырылды. Биыл наурыз айында Томиристің шешесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей тарапына соттың әділетті өтуін және алқабилер сотына қысым көрсетілмеуін жеткізуді сұраған болатын.