Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының ширек финалында ресейлік Анастасия Павлюченковадан ұтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Үш сетке созылған кездесуде ресейлік спортшы 6:7, 6:2, 9:7 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу жалпы есебі 2 сағат 33 минутқа созылған.
Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина әйгілі Серена Уильямсты ұтқан болатын.