• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Медицина 10 Маусым, 2021

Оңалту орталығы ашылды

384 рет
көрсетілді

Мысты шаһар Жезқазғанда ерекше қажеттіліктері бар балаларға деген қамқор көзқарас қуантады. Мысалы, таяуда ғана осы қаладағы медици­налық орталық базасында оңалту орталығы ашылып, бұрыннан бер­гі қордаланған көптеген мәселенің оң шешім табуына игі ықпалын тигізе бастады.

Бұл игілікті істен «Қазақмыс» сынды алпауыт кәсіпорын да тыс қалмады. Атап айтқанда, корпорация үй-жайды жөндеуге, заманауи жабдықтар сатып алуға, сонымен бірге медициналық персоналды оқыту мен біліктілігін арттыруға қажетті қомақты қаражат бөлді.

Аталған орталықта 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар оңалтудан өте алады. Бұл жерде емделуші балалардың ата-аналарының қайда жұмыс істей­тіні маңызды емес. Ал 18 жастан асқан туабітті мүгедектігі бар емделушілердің ата-аналары міндетті түрде «Қазақмыс» корпорация­сында еңбек етуі тиіс. Неге десеңіз, оларды оңалтуға жұмсалатын шығынның бәрін компания өз мойнына алады.

Жезқазғандағы оңалту орталығы жақын және алыс шетелдерде өндіріл­ген заманауи құрал-аспаптармен жабдықталған. Атап айтқанда, Гер­маниядан әкелінген «Мотомед» реа­билитациялық тренажері, верти­кализатор, «Кенгуру» мобильді құ­рылғысы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған ней­роортопедиялық сауықтыру пнев­мокостюмі ем алушыларға қалт­қысыз қызмет етеді. Сонымен бірге орталықта түзету кабинеттері ашыл­ған. Ал жаңа буын компьютерлік томо­графы бұған дейінгі көптеген мәсе­ленің шешім табуына септігін тигізуде.

Қарағанды облысы,Жезқазған қаласы