Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Республика бойынша жалпы коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді. Соңғы аптада КВИ-ді анықтау 11 мыңнан 8 мың жағдайға дейін азайды немесе өткен аптамен салыстырғанда 1,3 есеге төмендеді. Мамыр айының басынан бері індетке шалдығу 2,1 есеге азайды», деді министр.