• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Маусым, 2021

Вакцина салдырған қазақстандықтар Қырғызстанға еркін кіре алады

274 рет
көрсетілді

Вакцина салдырған қазақстандық туристер Қырғызстанға кірген кезде ПТР-тестің теріс нәтижесі бар анықтама көрсетуден босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Мекеменің мәліметінше, 2021 жылы 8 маусымда Қырғыз Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарының бірлескен бұйрығына сәйкес, коронавирус инфекциясының әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимыл алгоритмі бекітілді.

Осылайша, вакцина салдырған туристер Қырғызстанға 19 маусымнан бастап әуе қатынасы және 11 маусымнан бастап құрлықтағы шекара арқылы ПТР-тест туралы анықтаманы ұсынбай-ақ келе алады. Бұл – Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарына, сондай-ақ Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қабылданған шара.

Ата-аналар бес жастан асқан балаларын да жоғарыда көрсетілген медициналық құжаттармен қамтамасыз етуі керек.