• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Маусым, 2021

Парламент Байқоңырды Ресейге жалға беру мерзімін ұзартты

157 рет
көрсетілді

Сенат Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға алу шартына түзетулерді қабылдады. Ол Ресей тарапына ғарыш айлағын жалға алуды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Байқоңыр» кешенін жалға беру шартының 4-бабына түзетулер енгізу бөлігінде хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы «Байқоңыр» кешенін жалға алу мен пайдалануды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді», делінген сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.

Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде «Байқоңыр» кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-мәдени әлеуетін сақтауға, тиімді пайдалануға және дамытуға мүмкіндік беретін бұрын қабылданған міндеттемелерді үйлестіру күтіледі деп көрсетілген. Сонымен қатар аймақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделген.