• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2021

Павлодар өңірінде шегірткелер саны азайып келеді

808 рет
көрсетілді

Павлодар облысында шегірткелі зянкестерге қарсы қорғау іс-шаралар туралы ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Шүйкенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арман Шүйкенов облыста саяқ және үйірлі шегірткелер бар екенін атап өтті. Саяқ шегірткелердің облысымызда 12 түрі бар.

«Биыл саяқ шегірткелермен күреске облыстық бюджеттен 7,163 миллион теңге қаражат бөлінді. Өңдеу жұмыстарын 6,6 мың гектар жерде, облыстың барлық 10 ауданында және Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарында өткізу жоспарланып жатыр», деді Арман Шүйкенов.

Ал аса қауіпті үйірлі шегірткенің Қазақстанда 3 түрі бар. Павлодар облысында тек жалғыз түрі – Итальяндық прус мекендейді.

«Облысымызда аса қауіпті шегірткенің көлемі жыл сайын азаюда. 2000 жылдардың басында 1 миллион 200 мың гектар өңделетін. 2012 жылы 120 мың гектар өңделді. Азаю 2018 жылдан басталды. Ол жылы 85 мың гектар, 2019 жылы 22,2 мың гектар, 2020 жылы – 8 мың, биыл 2021 жылы 3048 гектар жер өңделмек. Бұл аса қауіпті шегірткелерге республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді», деді Арман Шүйкенов.

Спикер өңірімізде шегірткелер мамыр айында пайда бола бастайтынын айтты. Сондай-ақ шегірткелер қауіпті мөлшерге жеткен кезде ғана химиялық өңдеу жүргізіледі.

«Биыл итальяндық прус 12 мамырда Баянауыл ауданында, саяқ шегірткелер 5 мамырдан пайда бола бастады. Биыл итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары Железин, Ертіс және Шарбақты аудандарынан басқа, облыстың барлық аудандарында жүргізіліп отыр. Себебі бұл аудандарда үйірлі шегірткенің қоныстанған көлемі экономикалық зиянды шегінен аспайды», деді Арман Шүйкенов.

Аса қауіпті шегірткелер бойынша химиялық өңдеуге жатқызылатын ең үлкен көлемдер Павлодар ауданында – 1,200 мың га, Тереңкөл ауданында – 0,558 мың га және Ақсу қаласының ауылдық аймағында 0,327 мың га көлемді құрайды.