• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Маусым, 2021

Ислам Бозбаев жеңіс тұғырына жақындап келеді

112 рет
көрсетілді

Бүгін дзюдодан Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер 90 кило және әйелдер 70 кило салмақ дәрежелерінің жүлделерін сарапқа салуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарысты қыздар бастады. Өкінішке қарай, Зере Бектасқызы өзінің тұсаукесер кездесуінде нидерландтық Хилде Ягерге есе жіберді. Негізі бұл бәсекеде балуандар бірде-бір әдіс жасай алған жоқ. Бірақ төреші Зереге қатарынан үш ескерту жасап, соның салдарынан ол жарыс жолынан шығып қалды.

Мөлдір Нарынова алғашқы айналымда бос болды. Екінші кезеңде Тиму Барбарамен белдесті. Португалия спортшысының әлем чемпионаты мен Еуропа ойындарының күміс және құрлық біріншілігінің қола жүлдегері деген атақтары бар. Бұл тартыс Пиреней түбегі түлегінің пайдасына шешілді.

Ерлер сайысын Ислам Бозбаев өте қарқынды бастады. Алғашқы айналымда ол мысырлық Хатем Абд әл-Ахердің аяғын көктен келтірді. Одан кейін Юри Петрдің тас-талқанын шығарды. Үшінші кезеңде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Панамерика ойындарының жеңімпазы, Панамериканың төрт дүркін чемпионы Иван Фелипе Сильвамен күресті. Бәсекенің алғашқы минутында Бозбаев вазари әдісін сәтті жасады. Сол басымдығын қазақ дзюдошысы соңғы секундттарға дейін ұстап тұрды. Енді ол өзбекстандық Давлат Бабоновпен күш сынасады.  

Ерсұлтан Мұзафаров мажарстандық Петер Сафариге сан соқтырса, келесі кездесуде италиялық Николас Мангалдан ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар