• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2021

Алматыдағы қыз ұрламақ болған жігіттің әрекеті қызу талқыға түсті

444 рет
көрсетілді

Алматы қаласында жігіттің қызды ұрлап бара жатқан сәті видеоға түсіріліп, желіде қызу таралып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға қаладағы сауда кешенінің маңында болған. Видеода қыз айқайлап, жылап жатқаны байқалады.

Дегенмен, қалалық Полиция департаментінің өкілі қыздың арыз-шағым беруден бас тартқанын айтты. Олардың айтуынша, ол жігітпен 3 жылға жуық кездескен. Әзірге ешқандай шағымы жоқ.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға наурыз айында Шымкентте болған. Содан кейін әлеуметтік желілерде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз біреулер қызды мәжбүрлеп көлікке отырғызып, алып кеткенін көрсекен бейне пайда болды. Қыз қарсылық білдіріп, көмек сұраған. Белгілі болғандай, ер адам екі досымен бірге қызды үйлену үшін ұрлап кеткен.