• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Маусым, 2021

ДДСҰ: Коронавирустың үнді штамы еуропада таралуы мүмкін

189 рет
көрсетілді

Коронавирустың үнді штамы Еуропада таралуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай қауіпті болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Коронавирустың үнді штамы қазір бізді қатты алаңдатып отыр. Тіпті бұл мутация иммунитеті мықты адамдарға да жұғады. Сондықтан сақтық шараларына бей-жай қарамаңыздар. Оның үстіне қазір қоғамдық іс-шаралар, түрлі фестивальдар мен спорттық турнирлер көп өтіп жатыр», дейді ДДСҰ Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге.

Үндістандағы Бихар штатының билігі мыңдаған адамның коронавирустан көз жұмғанын жасырып келген. Басында ресми деректе 5424 деп көрсетілген құрбандар саны әп-сәтте 9 мыңнан асып кеткен.

Бұл жағдай аймақ орталығы Патна қаласы сотының талабы бойынша үкімет індеттен қайтыс болғандар туралы мәліметті тексергеннен кейін белгілі болған. Адамдардың көбі бос орын табылмаған ауруханалардың сыртында немесе үйінде жан тапсырған. Бірақ жергілікті билік білсе де, оларды есепке алмаған.