Франция соты ел президенті Эммануэль Макронды шапалақпен ұрған адамға дереу үкім шығарып, қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жалпы Демиен Тарель 18 айға бас бостандығынан айырылды, оның 14 айы шартты жаза.
Сонымен қатар сот оның азаматтық құқығынан үш жылға айыру туралы үкім шығарды.
Сондай-ақ бес жыл ішінде қару ұстауға тыйым салынды.
Естеріңізде болса, Франция президенті Эммануэль Макрон 8 маусым күні Дром департаментіне барған кезде белгісіз адам бетінен шапалақпен ұрған болатын.