• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Маусым, 2021

АҚШ-тағы Ресей елшілігі НАТО-ны айыптап отыр

263 рет
көрсетілді

Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі Балтық теңізіндегі НАТО елдерінің жаттығуларында американдық B-52H бомбалаушы ұшағын пайдалануды Еуропадағы шиеленісті «қамшылау» деп есептейді. Бұл туралы РИА Новости агенттігі жазды.

Ядролық қару қолдануға арналған ұшақтың Ресей шекарасына жақын жерде маневр жасауы ресейліктердің шамына тиіп кетсе керек.

«Пентагонның ядролық қаруды алып жүре алатын Baltops B-52H ұшағымен маневр жасауы кезекті арандатушылық. Бұл Еуропадағы шиеленісті күшейтеді», деп жазылған елшіліктің Twitter-дегі парақшасында.

Мұндай әрекеттер 16 маусымда Владимир Путин мен Джо Байденнің Женевадағы кездесуі қарсаңында «атмосфераны бұзады» деп есептейтінін жеткізген.  Елшілік АҚШ-ты континенттегі қауіпсіздікке деген көзқарастарын түбегейлі қайта қарауға және Ресей шекаралары маңындағы қауіпті әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

НАТО-ның Baltops-2021 жаттығуы Балтық теңізінде 6-18 маусым аралығында 50-ші рет өтіп жатыр. Оған НАТО-ға мүше 16 мемлекет, сондай-ақ Швеция мен Финляндия қатысады.

Жиынға барлығы төрт мың әскери қызметкер, қырық кеме, алпыс ұшақ пен тікұшақ тартылған. Оқу-жаттығулар кезінде суасты, әуе қорғанысы, минаға қарсы операцияларды, сондай-ақ Литва жағалауында десант әскерлерін машықтандыру жоспарланған.

Айта кетейік, Baltops-2021 1972 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.