• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Маусым, 2021

Арасында бала бар: Павлодар қаласында дүкен өртенді

199 рет
көрсетілді

Павлодарда дүкен өртеніп, 47 адам эвакуацияланды, олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таңғы сағат 07:05-те Павлодар қаласындағы Сәтбаев көшесінде орналасқан «Альтаир» дүкенінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Тоғызқабатты көппәтерлі үйдің астында салынған бірқабатты дүкенде үш шаршы метр аумақта өрт болған», деп хабарлады Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрт сағат 07:50-де толық сөндірілді. ТЖД қызметкерлері баспалдақпен 47 адамды эвакуациялаған, олардың арасында бір бала болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп қосып өтті ТЖД-дан.

«Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Тілсіз жаумен күрес жүргізуге жеке құрамның 15 адамы мен бес техника бірлігі жұмылдырылған», деп баяндады ведомстводан.