Жыл басынан Қостанай облысының мониторингтік топтары 22 750 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың 500-ден астам оқиғасын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы ретте әкімшілік жауапкершілікке 473 адам тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 33 919 698 теңгені құрады. Оның 6 219 876 теңгесі 130 жеке тұлғаға жаппай іс-шаралар өткізгені, қоғамдық орындарда бетпердені кимегені үшін салынды.Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин режимі кезінде белгіленген талаптарды орындамаған азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын тағы да ескертеді.