• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2021

Әлихандар мен Ах­мет­тердің заманы қолайлы бол­ды деп кім айтты - Еркебұлан Дайыров

1239 рет
көрсетілді

Белгілі актер Еркебұлан Дайыров «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында шетелге кетіп жатқан қазақ жастары туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазір мына бір жайттың тө­ңі­регінде ұдайы ойланамын. Та­лантты, білімді, сауатты «алтын бас­тарымыз» елін, жерін тастап, жақсы өмір аңсап, жат жұрттар­ды жағалай бастағалы біраз уақыт болды. Иә, «Қазақстанда олар үшін қолайлы жағдай жоқ қой» дерсіз. Бірақ Әлихандар мен Ах­мет­тердің заманы қолайлы бол­ды деп кім айтты? Кеңес саясаты­­мен келіспесе, шетелге кетуге олар­дың мүмкіндігі болмады емес, болды ғой? Сонда оларды тұ­сау­лап жібермей қалған қандай күш? Елі мен жерінің алдындағы борыш, Отанына деген махаб­бат емес пе еді? Бүгінгі заман білім жарыстыратын ақыл-ой заманы болғандықтан, оқығаны рәсуа болып, жинаған білімін жүзеге асыра алмай, уақыт өтіп бара жатқан соң ол жастар амалсыз Отанын тастап кетіп жатқан да болар. Оларды кінәлауға менің хақым жоқ. Бірақ деймін, шіркін, менің замандастарымның жүрегінде әлгі айтқан қозғаушы күш – ұл­ты­на деген махаббат болса, олар жерін тастап кетпеген болар ма еді?», деді Еркебұлан Дайыров.