• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2021

Түркістан облысында жоғалған туристер: Тағы бір мәйіт табылды

1359 рет
көрсетілді

Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты. Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан», деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ресми өкілдің айтуынша, таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен мәйітті тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмады. РЖҚЖ құтқарушылары Өгем өзеніндегі өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай барған.

«РЖҚТ қызметкерлері мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарып, жүкшығырдың көмегімен тікұшаққа көтерді. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 дана техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық топ, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде», дейді Т. Уәли.

Еске сала кетейік, бұған дейін жоғалған үш турист табылып, құтқарылған болатын. Екі туристің мәйіті табылды. Іздеу жұмыстары ертең де жалғасатын болады.