Ұлыбритания COVID-19 штаммының жаңадан анықталған белгілерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалымдар вирустың клиникалық өту сипатына өзгерістер енгізді. Егер бұған дейін індет жұқтырған жандар қызуы көтеріліп, үздіксіз жөтеліп, дәм мен иіс сезбей қалғанына шағымданса, қазір науқастардың басы ауырып, мұрыны бітеліп, тамағы қарлығатыны расталды.
Айта кетейік, мұндай симптомдарды көпшілік қарапайым суық тию деп ойлап, осы аурудың протоколына сай ем қабылдап келді. Коронавирустың бұл симптомдары оның жеңіл формасына тән екені анықталған, әрі одан дұрыс ем-шара қабылдау арқылы жазылуға болады.