• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2021

Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

1503 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға 14 маусым күні таңғы 7:00 шамасында болған. Алатау ауданында «Хюндай элантра» маркалы қызметтік көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен жүріп келе жатып, маневр жасаған көліктен қашамын деп жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция «Хюндай элантра» қызметтік көлігімен Өтемісұлы көшесінің оңтүстік бағытында келе жатып, кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кеткен. Сол жерде жаяу жүргінші - С.есімді азаматты қағып, сондай-ақ «Газель» автокөлігіне соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.