• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экология 14 Маусым, 2021

Экология министрі Көбейтұздың денсаулыққа кері әсері туралы айтты

264 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарға Көбейтұзға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көбейтұз туралы нақты мынаны айта аламын. Біріншіден, былтыр әкімдік су мен тұзға талдау жасап, жағымсыз қорытынды жасады. Ондағы су мен тұздың құрамында металдар өте көп екені мәлім болып отыр. Мен осы алаңды пайдаланып, тұрғындардан Көбейтұзға барудан тартынуды сұрағым келеді», деді министр. 

Сондай-ақ аталмыш көлді ерекше қорғалатын аумаққа айналдыру жергілікті әкімдікке байланысты екендігін де ескертті.

«Ерекше қорғалатын аумаққа айналдыру мәселесіне келсек, бұл – жергілікті атқарушы органның құзырындағы шаруа. Біз оны жергілікті режимдегі ерекше қорғалатын аумаққа айналдыруды ұсынған болатынбыз. Лабороториялық зерттеулердің қорытындысын алып отырмыз. Әкімдік қазір бұл мәселені соңына дейін зерттеп бітіреді. Алдағы 1-2 күнде облыс әкімдігімен сөйлесіп, нақты мәлімет алатынымды айтқым келеді», деді Мағзұм Мырзағалиев.

Соныме қатар ведомство басшысы Көбейтұздың суы мен тұзы адам ағзасына қауіп төндіруі мүмкін деген болжам айтты.

«Көбейтұзда былтыр аудандық әкімдік кордон қойған. Одан әрі қарай көлікпен өтуге болмайды. Екіншіден, тағы қайталап айтам, көлге бару адамдардың денсаулығына қауіпті», деді Мағзұм Мырзағалиев.