• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Маусым, 2021

БҰҰ Эфиопияда аштық басталғанын мәлімдеді

331 рет
көрсетілді

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі бөлімінің бастығы Марк Лукок Эфиопияның солтүстігіндегі Тиграй аймағында аштық басталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жайында BBC мәлімет таратты.

«Қазір ол жерде аштық байқалып жатыр. Бұл жағдай әлдеқайда ушығуы мүмкін»,  деді ресми өкіл.

БҰҰ мәліметтері бойынша, Эфиопияда 350 000 адам соғыстан зардап шеккен Тиграй аймағында, сондай-ақ Амхара мен Афар өлкелерінде күрделі жағдайда өмір сүріп жатыр.

Аймақтағы азық-түлік тапшылығы аштық пен өлім-жітімнің көбеюіне әкелуі ықтимал.

Эфиопияда елдің орталық үкіметі мен Тиграйды азат ету үшін халықтық майдан арасындағы қарулы қақтығыс жалғасуда, ол өткен жылдың қараша айында басталып, халықтың жағдайын тұралатып тастаған еді.