Футболдан Қазақстан чемпионатының 15 турындағы соңғы үш бәсеке Нұр-Сұлтан, Тараз және Қызылорда қалаларында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда төрінде чемпиондық атақтан басты үміткер қос команда – «Астана» мен «Тобыл» өзара күш сынасты. Алма-кезек шабуылмен өткен бәсеке барысында қонақтар есеп ашты. 29-минутта Неманья Николич қостанайлықтарды алға шығарды.
Бірақ олардың бұл басымдықты ұстап тұра алмады. Арада 15 минут өткеннен соң алаң иелерін пенальтиден есепті теңестірді – 1:1. Бұл голдың авторы – Марин Томасов. Содан кейін есеп өзгерген жоқ.