• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Маусым, 2021

Елордалық ұландар жоғалған балаларды ата-аналарына табыстады

373 рет
көрсетілді

Бір сағаттың ішінде Ұлттық ұланның әскери жасағы жоғалған екі баланы жақындарына қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 маусым күні сағат 16.00-де әскери жасақ бастығы қатардағы Сергей Начаров бастаған құрамында патрульші қатардағы Исмаил Ботаев пен Дамир Цыкунов бар ұландықтар «Жетісу» саябағында қызмет атқару кезінде ересектердің қарауынсыз қалған баланы байқайды.

Бұл жағдай туралы патрульдік топ бастығы сержант Бауыржан Жұмабековке баяндалады. Біраз уақыттан соң баланың туыстары табылып, 4 жасар ұлы анасына қайтарылады.

Белгілі болғандай, анасы балаларын әкесіне қалдырған. Әкесі 3 жасар қарындасына алаңдап отырғанда ағасы саябақтың ішіне қарай жүгіріп кетіп, адасып қалаған. Ата-аналары өз бетінше іздегенмен нәтиже болмаған. Қуанышқа орай, дер кезінде орнынан табылған ұландық әскери жасақ қырағылық танытып, баланы жақындарына тапсырды. Өз кезегінде олар әскери қызметшілерге алғыстарын айтты.

Осы күні сағат 16.40-та патрульдік топ бастығы сержант Бауыржан Жұмабеков өзінің патрульшілері қатардағы жауынгерлер Шыныбай Тілеген және Абылай Әкімжановпен әскери жасақтарды тексеру кезінде көздері тағы бір баланы шалады. Ол да үлкендердің қарауынсыз өз бетімен қыдырып жүрген.

Араға уақыт салып бала әжесіне табысталды. Анық болғандай, ұлдың анасы, әжесі және бауырлары саябақта серуендеп жүрген. Бір жасар қарындасын емізуге отырғанда 4 жасар ағасы жүгіріп кеткен. 20 минут іздеу жүргізген әжесі баланы ұландық жасақпен бірге көргенде қуанышын жасырмады.

Баланың жақындары көрсеткен қырағылықтары үшін құқықтық тәртіп әскерінің командирлері мен жауынгерлеріне зор алғысын білдірді.